Үй жануарлары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

/>
Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
(Түйе) Түйе - бө - бө боздайды

Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар
Бірақ тағы сақалы бар
(Ешкі) Ешкі - бе - бе бақырады

Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Төрт жылтырмағы бар
Бір шыпыртқысы бар
(Сиыр) Сиыр - мө - мө мөңірейді

Екеуі елеңдеп келеді
Төртеуі төбелесіп келеді
(Жылқы) Жылқы - е - е - е кісінейді
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, Ата уайымдамаңыз, төлдеріңіз табылады шаршаған шығарсыз бәріміз бірге сергіту сәтін орындап жіберейік, балалар бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Тіктеп титтей құлағың
Ботам былай жүреді
Сыртылдатып тұяғын
Бұзау былай жүреді.
Алға созып мойынын
Ойнақтайды ботақан
Көкке қарай мұрынын
Шүйіреді бұзауқан.
Бақташы ата: Жарайсыңдар балалар! Көңілім көтеріліп сергіп қалдым.
Тәрбиеші: Ендеше бақташы атамызға тақпақтар айтып берейік!
1. Ақ бұзауым ұнайды
"Мө - мө" деп сүт сұрайды
Келеді өсіп күн сайын
Тұмсығын созып қарайды
Тілімен мұрнын жалайды
2: Кіп - кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп
Қошақаным өзім деп.
3: Құлыншағым құндызым
Құлдырайды шабады
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
4: Шөре - шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секектеме деміңді ал
Селтеңдемей құлағың
5: Айналайын, ботам
Қандай күлте жотаң
Табандарың жалпақ
Теріп жейсің жантақ
Тәрбиеші: Қане, балалар Бақташы атамызбен бірге "Сиқырлы қалташа"
ойын ойнайық.
(Төрт түліктің даусы естіледі)
Тәрбиеші: Балалар тыңдайықшы бір төлдердің дыбысы естілетін сияқты
Бақташы ата: Ой, балалар менің төлдерімнің даусына ұқсайды.
Бала: Сүйінші, сүйінші ата сіздің қозыңызды тауып алдым<

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: