br/>Бақташы ата: Рахмет, балам өркенің өссін! Сүйіншіңді ала ғой. Балалар, менің қозым Қане, балалар ұстап көріңдерші. Қандай екен?
Балалар: Сүйкімді, әдемі, кішкентай.
Бақташы ата: Мен сендерге сыйлығымды беріп кетейін, мұны ауылдан әжелерің беріп жібірді дәм татыңдар балалар. Жақсы сау болыңдар!
Тәрбиеші: Рахмет, бақташы ата сіз келіп, біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Жолыңыз болсын! Соу болыңыз!
- Сонымен үй жануарларына нелер жатады?
- Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз?
- Малдың дыбысталғанын қалай атайды?
Жылқы - кісінейді
Сиыр - мөңірейді
Қой, ешкі - маңырайды
Түйе - боздайды.
Тәрбиеші: Қане, балалар, орнымыздан тұрып жылулық шеңберін құрайық жылқы жылына арналған тілектерімізді айтайық!
Еліміз аман болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Ата - анамыз қасымызда болсын!
Жылқы жылы бақыт әкелсін!
Төрт түлігіміз түгел болсын!
Ақ мол болсын!
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз бақытты болайық!
Тәрбиеші:
Мадақтау: Бүгінгі сабаққа барлықтарыңызда жақсы қатыстыңыздар.
Осы тілектеріміз қабыл болсын!
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз деп, айтамыз.
Сабақтың фотоесебі
Төрт түлік туралы слайдпен жұмыс
- Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз?
- Малдың дыбысталғанын қалай атайды?
Страницы: << < 2 | 3 | 4