Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А. К
Күні: 12. 01. 2015
Сынып: 5 "а", "ә"
Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен"
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің өмірі туралы түсінік беру, "Өзен" өлеңіне талдау жасау.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсариннің жинақтар
топтамасы, портіреті
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.
Ақын
Жазушы
Ұстаз
Аудармашы
Балалар әдебиетінің атасы
Қоғам қайраткері
Ыбырай - қазақ балалар әдебиетінің атасы.
1841 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.
4 жасында әкесі қайтыс болады.
Атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі.
1850 жылы Ыбырай орыс - қазақ мектебіне оқуға түседі. Оны жеті жылда жақсы бағалармен бітіреді.
1864 жылы Ыбырай қазақ балаларына арнап мектеп ашады.
Ыбырай Алтынсарин
2. "Өзен" өлеңін мәнерлеп оқу.
ІІІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
Өзеннің табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар жүгін ақын қалай көрсеткен?
Өлеңде қандай көркемдегіш сөз және сөз тіркестерін қолданған?
Өлеңнің буын өлшемін және ұйқас түрін анықтаңда
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>