Сабақтың тақырыбы:Ыбырай Алтынсарин. «Кел,балалар,оқылық »
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Ы. Алтынсариннің өмірін үлгі ете отырып,оқудың пайдасы туралы әңгімелеу. Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету. 
Оқушылардың оқуға деген ниет-ынтасын дамыту. 
Оқушыларды білімді болуға, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,
Көрнекілігі:оқулық, суреттер, мультимедиялық оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. 
Оқушылардан мектепке алғаш рет қалай келгендеріңді еске алыңдар. Мектепке кіммен келдің? Алғашқы оқулығың туралы не айта аласың? Қазақ хрестоматиясы туралы естідің бе?
ІІ. Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 
ІІІ. Жаңа сабақ
а/ Ы. Алтынсарин туралы түсінік. 
Ы. Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды. 
ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу. 
æ
n
æ
) сұрақ-тапсырмалары:
Өлең не туралы? Неше бөлімнен тұрады?
2. Білім не үшін керек?
3. Ы. Алтынсарин оқудың пайдасы туралы не айтты?
Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары:
1. Өзіңнің мектепке алғаш келген кезіңді есіңе түсіріп әңгімеле. 
2. Оқу білім туралы қандай мақал-мәтел білесің?
Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар:
1. Өлеңнінің әр бөлігін берілген атаулардың бірімен ата. Неге солай аталғанына мән бер. (Білім керек бәріне:ата-ана:оқудың пайдасы:сауысқанның тамағы:оқудың зияны)
Олай болса Ыбырай ата қалай оқыды деп ойлайсың?
б/ Дәптермен жұмыс
Ыбырай Алтынсаринның өсиетін дәптерге түсір. 
сөздік жұмыс жүргізу. 
		
		
Страницы: 1 | 2  >  >>
		
		
	    
	
    