Web-беттегі гиперсілтемелер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Пәні: Информатика
Класс: 11А
Күні: 12. 04. 17 ж.

Сабақтың тақырыбы: Web-беттегі гиперсілтемелер.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Web-беттегі гиперсілтемелер тақырыбы бойынша түсінік бере отырып, гиперсілтемелермен жұмыс істеуге үйрету.
Дамытушылық - Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік - Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: оқулықтар, дәптерлер, ДК-лер, видео.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Тақтадағы оқушыға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
HTML-да белгілеулер (әріпті, абзацты, нысандарды қосуды әзірлеу) туралы сендер жеткілікті деңгейде білесіңдер. Гипермәтінге көшейік.
Гипермәтіннің қарапайым мәтіннен айырмашылығы мәтін фрагменттері арасында өте тез орын ауыстыруға мүмкіндік беретінін еске түсірейік. Мысалы, ОЖ Windows анықтама жүйесі және көптеген программалар гипермәтіндік принцип бойынша ұйымдастырылған. Гиперсілтемені басқан кезде - белгіленген мәтінді немесе суретті - құжаттың белгілі бір фрагментіне немесе басқа құжатқа өту болады.
HTML-да гиперсілтемені тегі сипаттайды. Гиперсілтеме көрсететін ресурстың орналасуын көрсететін HREF атрибуты міндетті болып келеді. Ресурс ішкі болуы да, сыртқы болуы да мүмкін.
Келесі код фрагментінен тұратын
Басты бетке өту А
HTML-құжатты қарау нәтижесінде сендер Басты бетке өту сілтемесін көресіңдер. Сілтемеге басу нәтижесінде index, html парағына өту болады.
Гиперсілтеме абсолюттік, салыстырмалы, ішкі деп бөлінеді.
Сілтеме орналасуы өзгермейтін болып келетін сыртқы интернет-ресурсқа көрсететін тағы бір мысал қ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: