ті болып қалады.
Ішкі сілтемелер
Ішкі сілтемелер (173-сурет) ұзын web-парақтарда қолданылады. Мысалы, құжаттың басындағы мазмұннан сілтемелер ондағы көрсетілген құжаттың бөлімдеріне алып келеді. Ішкі сілтемелер екі кезеңмен жасалады. Ең алдымен өту нүктелері анықталады, оларда "атау берілген зәкір" (агылш. named anchor) дайындалады. Бұдан кейін парақтың таңдалған орнында зәкірге сілтемелер жасалады.
Зәкірлер тегімен жасалады, NAME атрибутының мәні ретінде зәкірдің аталуы көрсетіледі.
Мысалы,.
Кодтың фрагментін өтудің таңдалған нүктесіне, сілтемені ұйымдастыру қажет болатын парақ бөлігінің алдына орналастырады.
Зәкірдің аты ретінде кез келген таңбалар (арнайы таңбалардан басқа) топтамасы қолданылады. Негізгі талап - ол осы парақта қайталанбауы қажет. Әзірлеушіге ыңғайлы болу үшін зәкірдің атауы, көрсететін парақтың бөлігінің мазмұнына сәйкес мағыналы болу керек.
Зәкірге сілтеме жасау үшін HREF атрибутының мәні ретінде алдына тор белгісі қойылған зәкірдің аталуын көрсетеді.
Мысалы, сілтемеа.
Электронды адреске сілтемелер
Web-парақтардағы электронды адреске сілтемелер байланыстарда (контакт) жиі көрсетіледі. Мұндай сілтемелерді ұйымдастыру үшін тегінің HREF атрибутының мәні ретінде mailto: міндетті параметрін, адресінің e-mail-i, қажетті жағдайда хаттың тақырыбын көрсетеді.
Сілтеме келесідей болады:
мәтін сілтемесіа.
Қолданушы мұндай сілтемені басқан кезде оның компьютерінде орнатылған пошта программасы жүктеледі.
Суреттерді қолданатын сілтемелер
Гиперсілтеме мәтін де, сурет те болуы мүмкін.
Гиперсілтеме болып келетін суретке қолданушының көңілін аударту үшін қосымша тінтуір көрсеткішінің өзгеруіне (автоматты түрде жасалады) суретті көк жиектемемен белгілеуді қосуға болады. Бұл
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>