ліне жатады?
Тағы басқа қандай жыл мезгілдері бар?
(балалар сұрақтарға жауап береді).
Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Көктемде ше?
Күз мезгілі несімен ерекшеленеді?
Жаза ауа райы қандай болады?
Енді мен сендерге жыл мезгілдері туралы ертегі оқып беремін.
"Төрт мезгіл ертегісі"
Ерте,ерте,ертеде атақты Жыл ақсақалдық Қыс,Күз дейтін екі ұлы,Көктем,Жаз дейтін екі қызы болыпты. Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақал оларды алдына шақырыпты.
Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер?-деп, ол ұлдары мен қыздарына сынап қарапты.
Мен дайынмын!-деді қызу қанды Қыс қатулы қабағымен сүзе қарап.
Мен де,-депті Көктем сұлу қасын керіп.
-Мен де,-депті көңілшек Күз аузын бұртитып.
Мен де,-депті жадыраған Жаз.
Жыл ақсақал оларға риза болады.
Ал,ендеше мен сендерге он екі Айды үш-үштен теңдей бөліп, енші бергім келіп отыр,-деп Жыл ақсақал денесін тіктеп алады да,-мына әр қағазға ай аттары жазылған. Әрқайсысының үш-үштен алатын болыңдар,-деп ораулы он екі қағазды шашып тастайды. . .
Ұлдары мен қыздары шашылған қағаздарды таласып-тармасып алып жатады.
Сонымен сендер кезекпен үш ай жұмыс үстейтін боласыңдар. Ал жолдарың болсың! Бірақ бір ескертерім сол,әрқашан халық үшін,адамдар үшін қызмет ететіңдерінді ұмытпаңдар,-деді де
Жыл ақсақал кетуге ыңғайланады. Содан бері жылдың төрт мезгілі-көктем,жаз,күз,қыс адамдарға қалтқысыз қызмет етумен келеді.
Қыс мезгілінде біз қалай киінеміз?
Қыс мезгілінің киімдерін кім маған атайды?
Неге біз қыста қалың киімдерді киеміз?
Ал жазда ше?
Жаздың киімдерін атаңдаршы?
Күзде адамдар қалай киінеді?
Ойын: &
Страницы: << < 20 | 21 | 22 | 23 | 24 > >>