Қуыршақ театры – тәлім тәрбие берудің ошағы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

рлердің мінез- құлқын, жүріс - тұрысын, дауыс ырғағын, әдеттерін айнытпай салып көрермендерге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығулар жасау керек. Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағнасын күйінішті-сүйінішті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді. Соның нәтижесінде шығармашылық қабілеттері артады,сөздік қоры толықтырылады. Қорыта келе айтарым, мұғалім жаңалықтан қашпауы тиіс, қайта әдісті көп білуге тырысқан жөн, одан ұтпаса ұтылмайды. А. Байтұрсыновтың "Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы", "Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең құл болмақшы" деген сөздері бар. Демек жаңа технологиямен қаруланған, күнделікті жаңалықтарды игеріп отырған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады. Қазаққа құлдық қажеті жоқ, керісінше, құлдық санадан құтқару үшін мұғалімдер қолдан келген бар өнерін, әдісін жұмсауы керек, ешкімнен кем еместігін дәлелдей алатын білім ғана одан құтқара алады. ХХI ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой- өрісі жоғары дамыған, зерделі,жан - жақты дамыған парасатты ұрпақ керек екенін бір сәт естен шығармағанымыз жөн.




Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: