Қуыршақ театры – тәлім тәрбие берудің ошағы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

ндер әлемі - ерекше дүние. Олар біз секілді санасымен ұғынбайды,түйсігімен түсінеді. Балалар тым қиялшыл, арманшыл болып келеді. Олар ересек адамның ойы жетпейтін дүниені аңсайды. Бала ойының көкжиегін кеңейтіп, бойына әсемдікке деген қызығушылығын оятатын өнер екені сөзсіз. Ата-бабамыздың "Жаста берген тәрбие, жас шыбықты игендей" деуінде үлкен мән жатыр. Ал өнерге жақын болып өскен баланың қашанда жаман әдеттен аулақ жүретінін өмір көрсетіп отыр. Өнер мен өмірімізге жат пиғылдың қоңсы қона алмайтыны да сондықтан. Осы бағытта бала жанын баурап алатын театр өнерінің орны бөлек десек, сәби жүректерге ізгіліктің сәулесін себетін театр өнерінің жауапкершілігі жоғары. Театр тек көңіл көтеретін орын емес. Ол- мәдениеттің ордасы,тәлім тәрбие берудің ошағы. Бала бойына ұлттық қасиеттердің дәнін егуші. Театр балаға қуаныш ұмытылмас әсер силайды,оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиалын дамытады. Оның жан-жақты дамып,жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын қуыршақ театры арқылы қалыптастырудың маңызы зор. Баланың бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген қызығушылықты оятады. Рөлдерді ойнау арқылы өз кейіпкерлерін көз алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеп, өз алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді. Сонымен қатар балалардың тілдерін жаттықтыру үшін қазақтың ауыз әдебиетіндегі асыл сөздермен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылым алдында өтірік өлеңдерді, мақал- мәтелдерді, жаңылтпаштар мен жұмбақтарды және түрлі ұлттық ойындар кіріктіріліп отырады. Мысалы: "Шалқан" ертегісінде кейіпкерлердің сахналауын "Еңбек етсең ерінбей- тойады қарның тіленбей" деген мақалмен бастаса болады. Театрлық қойылым арқылы балалар кейіпке

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: