Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылы "Өнер мектебі"
Тулешова Салтанат Ыдышовна Қуыршақ театры үйірме жетекшісі
Тақырыбы: Қуыршақ театры - тәлім тәрбие берудің ошағы.
". . . Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі. . . " - деген Әл-Фараби. Балаға әуелі білімнен бұрын тәрбие берілуі тиіс. Әр халық ұрпағының қайырымды да, әділ де, ер жүрек,үлкенді құрметтейтін, кішіге қамқор, ар-ұяты мол болып өскенін қалайды. "Тәрбие бала дүниеге келген сағаттан басталады. "- деген сөз бекер айтылмаса керек. Тәрбиенің әліппесі баланың белі бесіктен шықпай жатып ана сүтімен сіңіріліп,ұлттық өнегенің ең асыл,ең нәрлі қасиеттері сол сәби шақтарынан-ақ үлгі алып дари бастайды. Бесік жырын,ана әлдиін, ертегі естіп өскен бала мейірімді, тәрбиелі болары анық. Адамгершілік тәрбиесінің қасиеттерін бала бойына дарыту сан түрлі жолдармен жүзеге асыруға болады,ол тәрбие үйде ата-анадан, мектепте мұғалім арқылы қалыптасады. Ұрпағым өнегелі жақсы азамат болып өсіп жетілсін десең, ең алдымен бесігіңді түзе,- деген ұлы М. Әуезов. Өткенімізге көз жүгіртсек, халықтың асыл қазыналарымен сәбилерді сусындату, ертегілерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Естіген ертегі мазмұнын есте сақтап, әділдікке сену,біреуге жақсылық жасау, көмектесу сияқты қасиеттерге ие. Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Әдетте балалар өздері жақсы көретін кейіпкерлеріне еліктеп, сол арқылы балалар шындық өмірге тереңірек үңіліп, ненің жақсы , ненің жаман екенін айқынырақ ұғынып, жақсыдан үйреніп , жаманнан жиренуге,өз қылықтарын бағалай білуге үйренеді. Бүлдірші
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>