Утренник

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

Сенбейиін деймін, сенбеймін!
"Ата-сиқыршы" ойыны.
Ата: Сайқымазағым-ай, қалай сенбейсің?! Қалай көрмейсің?!Мен шынында сиқырлай аламын! Сенбесең, көрші өзің: мен қазір ана тұрған ағаны (апаны) таяғымның күшімен қатырып тастаймын! Үф, сүф, апа, кәне, аға, қат! (таяғын сілтейді, ата-аналармен ойнайды). Міне, көрдің бе? Мен күлдіре де аламын! Үф, сүф, тұр! Кәне, апай, күл! (тәрбиешілермен, балалармен ойнайды). Ой, бәрекелді, қандай көңілді! Сайқымазақ, мен мына залдың ішінде қар жауғыза да аламын! Үф, сүф, балалар! Жаушы, жаушы. Ақшақар! (жарық сөніп, тарсылдақтар атылып, жасанды қар жауады).
Ата: Ой, балалар, қар қандай көп жауып қалған! Кәне, қар атысып ойнайық!
"Қар атысу" ойыны.
Сайқымазақ: Олай болса, жаңа жыл қайда? Біз мұнда оны күтіп тойлап жатырмыз, тойлап жатырмыз, ал ол әлі келген жоқ! Ата, сіздің сиқырыңыз керек болып тұр-ау! Жаңа жылды келтірмейсіз бе?. .
Ата: Сайқымазағым, сен өзі Аяз атағ сене бастағанға ұқсайсың, ә?! Дұрыс, дұрыс, мен бір ғажап іс қылайын, сиқырлы қабымды ашайын. . . (іздейді) Ау, менің сиқырлы қабым қайда?!
Шанамен Ай, Жел үлкен қапты алып келеді.
Жел: Ата, мен зулап ұшып бара жатсам, орманда жатқан мына қапты көріп қалдым, срдан Ай жол көрсетіп алып келдік, сіздің іздегеніңіз осы қап па?
Ата: Ой, қартайған басым! Түнде адасып жүріп орманда тастап кеткенмін ғой! Бәрекелді, Жел, Ай, рахмет сендерге! Ал, балалар, менің ғажабымды көріңдер! Бисмиллах! Сиқырлы қап, Жаңа жылды тап! (таяғын бір рет соғады, қаптан кішкентай ойыншық атты алып көрсетеді). Міне, Жаңа жыл!
Сайқымазақ: Өй, мынау кіп-кішкентай ғой, маған ұнамайды, балалар, сендерге де ұнамай тұр ғой, иә?!
Ата: Қап, бұл қалай болды? Жарайды, тағы да сиқырлап көрейін! (қайталайды, қаптан үлкен жұмсақ жылқы ойыншығын а

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: