Утренник

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

> "Аңдар биі" (би соңында Жел де қосылады).
Жел:
Енжарлықты қоямын,
Бұлттарды енді қуамын! (әуенмен жүгіріп жүріп, "жұлдыздарды" биге шақырады).
Аспандағы сан жұлдыздар,
Жарқыраңдар, күліңдер,
Бар әлемге сәуле шашып,
Дөңгеленіп билеңдер!
"Жұлдыздар биі" (биден соң шырша алдына тізіліп тұрады).
Түн (келеді):
Ох, халімнашар,
Уақытым бітті, сеземін!
Таң жақын, Жаңа жыл да жақын,
Ах, балалар, мені жеңдіңдер!
Мен енді кетемін! (билеп кетеді, жамылғысы түсіп қалады, "жұлдыздар" іліп алып, шырша түбіне жиналып, өздері орындарына отырады, толық жарық жанады).
Көңілді әуенмен Аяз ата келеді:
Түн кетті, сиқыр да бітті,
Жарқырады айналам!
Таң да атып қалыпты,
Балаларға асығам!
(шыршаны айналып келеді).
Армысыңдар, балалар!
Бармысыңдар, ата-аналар!
Оңынан түсті Айларың,
Жарқырап жанысын Жұлдызың,
Құтты болсын Жаңа жыл,
Құтты болсын, ұл-қызым!
Ақшақар: Атажан-ау, біз сізді көп күттік, уайымдадық, әйтеуір, міне, ортамыздасыз! Кәне, балалар, босқа қарап тұрмайық, ән-думанды құрайық!
"Қош кенлдің, Аяз ата!" ән-думаны.
Сайқымазақ:
Ата, сіз азырақ демалыңыз,
Балалардың тақпақтарын тыңдаңыз!
Балалардың жеке тақпақтары
Ата: Бәрекелді! Ал сендер жұмбақ шеше аласыңдар ма? (шырша туралы жұмбақ). Ал шырша туралы ән айтып бересіңдер ме?
"Кішкентай шырша" ән-думаны.
Ақшақар: Ата, сіз екеуміз балалардың қызуынан еріп кетерміз! Мен қазірұлпақар құрбыларымды шақырайын, дөңгеленіп билеп салқындатайын!
"Ұлпақарлар биі"
Сайқымазақ: Ата, осы сізді жұрттың бәрі ғажап сиқыршы дейді,
Әй-әй-әй, білмеймін,
Ал осыған мен сенбеймін!
Еш сиқырыңызды көріп тұрғам жоқ,

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: