Утренник

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

өңілденіп,
Күміс сәуле төгемін?! (жылап, шырша жанына отырады).
Сайқымазақ:
Ой, балалар, бұл болмайды,
Ән-думанды құрыңдар!
Шат-шадыман күлкіменен
Айды жарық қылыңдар!
"Ақшақар" ән-думаны
Ай: (қуанып күледі, жамылғыны шешіп тастап билейді, залда жарық жартылай жанады).
Жарайсыңдар, балалар,
Сиқырды жұлып тастадық!
Нұр сәулемді төгемін,
Рахмет, сізге, достарым!
Ақшақар: Бәрекелді, Ай-сұлу! Міне, қайтадан күміс сәулеңді төктің! Бұл жер аздар жарық болды, бірақ Аяз ата ну орманда жүр ғой, ол жақ әлі қараңғы, әттеген-ай, Аяз ата адасып кетті ме екен! Ай-сұлу, сәулеңді төгіп бізге атаның қайда екенін көрсете алмайсың ба?
Ай:
Мен көмектесемін!
Күміс ай, жарқыра,
Аяз ата орманды,
Сәулеңді төк, күміс ай,
Көрсет балаларға! (билеп шыршаны айналып кетеді; жарық сөнеді, Аяз ата көрінеді).
Ата:
Не боп кетті өзі, түсінбедім?!
Жол таба алмай мен жүрмін!
Ну орман, қап-қараңғы
Балаларға қалай жетемін! (жан-жағына, шырша түбіне үңіліп жол іздейді, әуенмен Түн келіп Аяз атаны алып кетеді, жарық жартылай жанады).
Сайқымазақ: Әй-әй-әй! Атаның жағдайы мәз емес екен, балалар, енді не істейміз?!
Ай: Күшті Желді ояту керек! Жұлдыздар жарқырап жол көрсету үшін күшті Жел қара бұлтты қуып жарық берсін, түн түнегін түрсін!
Сайқымазақ:
Кәне, балалар, Желді шақырайық!
Көңілді Жел,
Күшті Жел!
Бізге кел!
Қара бұлтты
Қуып жібер!
Балалар қайталайды, аяқ-қолдарын соғады.
Жел: (шаршаңқы, көңілсіз келеді). Мен көмектесуге қарсы емеспін, бірақ Тун патшайымы өте күшті, мені сиқырлап енжар қылып тастады, қалғи бермін, ұйқым келеді, әлім жоқ! (шырша түбіне жата кетеді).
Сайқымазақ:
Кәне, орман тұрғындары, тұрыңдар, Билеңдер, енжарлықты қуыңдар!

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: