Утренник

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қатысушылар: Аяз ата, Ақшақар, Сайқымазақ, Ай, Жел, Түн - үлкендер. Құртақандар, Жұлдыздар, Аңдар, Ұлпақарлар - балалар.
Балаларды Сайқымазақ пен Ақшақар әуенмен залға алып келіп, шыршаны айнала тұрады.
Сайқымазақ:
Аяз беттен өбеді,
Ай барады жылыстап,
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап.
Өлең де әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел, жаңа жыл, біздерге,
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!
"Өрле, жаңа жыл" ән-думаны.
Ақшақар: Сайқымазақ досым, қарашы, барлық қонақтар жиналыпты, ал Аяз ата әлі жоқ!
Балалар, атаны шақырайық,
Жаңа жылды бірге қарсы алайық!
Балалар: (Аяз атаны дауыстап шақырады).
Әуен жетегінде Түн патшайымы билеп келеді.
Түн:
Мен - Түн патшайымымын,
Қараңғымын, түнекпін,
Жол таба алмай Аяз ата
Адасып, адасып кетсін!
Ха-ха-ха!
Ай тумасын, жұлдыздар шықпасын!
Жаңа жыл келмесін, шырша отын жақпасын! (билей жүріп, шырша шамдарын сөндіріп кетеді, барлық жарық сөнеді).
Сайқымазақ: Балалар, естідіңдер ме Түннің не дегенін?! Аспандағы сұлу Ай сиқырланып сөніп қалыпты, енді жұлдыздар да жарқырамайды екен! Бар әлем қап-қаранғы! Енді Аяз ата қалай жол табар екен! Жоқ, бұлай болмайды, балалар, Аяз атаға көмектесуіміз керек! Ол үшін айналаны сәл де болса жарық қылайық! Кім көмек береді?
Құртақандар:
Біз - мейірімді құртақандармыз,
Көмектесуге дайынбыз!
"Құртақандар биі" (бидің соңында шамдарын шыршаға тигізеді, шырша оттары жанады).
Әуен жетегінде үстінде қара жамылғысы бар Ай мұңайып келеді.
Ақшақар:
Ай, сұлу ай!
Неге көңілсізсің, неге мұңайдың?
Неге жарқырамайсың?
Ай:
Қара Түн мені сиқырлап тастады,
Күміс нұрымды сөндіріп тастады!
Қалай енді жарқыраймын,
Түн түнегін түремін,
Қалай енді к

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: