Сабақтың лексикалық тақырыбы: Уақыт
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Автор сөзі.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушылардың танымдық қасиеттерін қазақтың ұғымдары арқылы дамыту
Дамытушылық: Педагогикалық технологияның 4 тәсілін пайдалану
Тәрбиелік: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттеріне көңіл аудару.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың типі: кешенді сабақ.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Сынып бөлмесінің сабақ өткізуге әзірлігін тексеремін. Оқушылармен амандасып, түгендеймін.
- педагогикалық жағдаят жасау (пед-я ситуация)
- сабаққа кешігіп келген оқушымен диалог:
Оқушы: Сәлеметсіз бе Қаламқас Дүзеновна, кешіріңіз.
Мұғалім: сәлеметсің бе . . . . , сен неге кешіктің?
Оқушы: Менің сағатым сынып қалды, автобус кешігіп келді, сондықтан кешігіп қалдым.
Мұғалім: Сен өзің кешігіп келдің және менің, сыныптастарыңның неше минут уақытын алғанын білесің бе?
Оқушы : Мен барлығы 3 минут қана қалдым ғой.
Мұғалім: Сен 3 минут қалып қойдың, 1 минут кешірім сұрап тұрсың, ал сабақ барлығы неше минут болады білесің бе?
Оқушы: Әрине, білемін - 45 минут.
Мұғалім: 45-тен 3 1 алса , қанша уақыт қалады?
Оқушы: 41 минут уақыт қалды. Ұят болды, енді мен ешқашанда сабақтан қалмаймын.
Мұғалім:Орныңа отыр, сабаққа белсенді қатыс.
Мұғалімнің сөзі: Сабақ уақытында басталады, уақытында аяқталады, сондықтан сабақтан қалуға болмайды.
Біз өткен сабақтың тақырыбын жалғастырамыз, естеріңізге түсіріңіздер, қандай тақырыпты өттік?
- дұрыс, - Уақыт
- сонымен қатар төл сөздер мен төлеу сөздерге тоқталдық
I. Үй тапсырмасын тексереміз: 2 жаттығу (ауызша)
- ережені карточка бойынша тексеру
Мұғалім: жауаптарына комментарий жасайды (қысқаша)
Екі кестеге оқушылард
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>