Қуант бізді Жаңа жыл! (ертеңгілік)
Балалар көңілді әуенмен залға ұстаса жүгіріп кіріп, әуенмен әртүрлі қимылдар жасап билейді. Әуен тоқтап қалғанда шыршаның екі жағына тұрады.
1 - тәрбиеші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасарып жайнайды.
Құбылып, құлпырып айнала,
Сиқырлы сәулелер тарайды.
2 - тәрбиеші: Жасыл шырша төгілген алдымызда,
Қош келдіңіз көрермен шыршамызға.
Аман болсын отбасыңыз деп алайын,
Ізгі тілек тілейміз баршаңызға.
Хор: "Жаңа Жыл!"
Мыстан кемпір келеді, қолында үлкен айнасы бар.
Мыстан кемпір: Маса, мынау шырша ғой, қазір шыршаны құртпай бүлдірем. мына шырша неге әдемі, киімдері де әдемі емеспін? Қалай осылар секілді әдемі болам мен? Мыстан шыршаны құлатқысы келеді, балаларды қорқытады.
Тәрбиеші: мыстан әже біз шырша тойын тойлағалы отырмыз. Қазір Аяз Ата мен Ақшақарды шақырамыз. Аяз Ата сиқырлы таяғымен саған көмектесер.
Аяз ата мен Ақшақарды шақыру.
Аяз Ата, Ақшақар,
Шыршамызға кел, кел!
Тақпақ айтып береміз,
Бізге сыйлық бер, бер!
Аяз Ата келеді, Ақша қар жоқ. Құттықтады.
Тәрбиеші: Балалар байқадыңдар ма? Аяз Ата қасында Ақшақар жок, қайда ол?
Аяз Ата: Соны өзім де білмедім. Жаңа қасымда келе жатқан, аяқ асты жоғалып кетті.
Мыстан кемпір: Ендеше, мен болам, Ақшақар мен болам, мені сиқырлы таяғынмен Ақшақарға айналдыршы.
Жылтыр матаның ішіне мыстан мен Ақшақар тығылады. Аяз Ата сиқырлы таяғымен матаны түртіп:
Көңілді балалар,
Шыршаны айналып.
Жалмауыз кемпір,
Ақшақарға айналсын - дейді.
Мата астынан көрінбей мыстан кетіп қалады да, мата астынан Ақшақар шығады.
Ақшақар құттықтауы.
Тәрбиеші: Аяз Ата, Ақшақар біздің шыршамыз әдемі болғанымен көңілсіз. Неге оның шамы жанбайды?
Ол үшін біз Са
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>