Баяндама Тұңғыш Президент Күні Қазақстан халқының ғасырлар бойы армандаған арманы жүзеге асып, еліміз тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Қазақстан Республикасын аяғынан тұрғызу , қалыптастыру кезеңі басталды. Жаңа мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін , оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасайтын адамзат қоғамын ұйымдастырудың нысаны болып қалыптасты. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне , сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың , әлеуметтік- саяси , рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып ,қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете бастады. Басқару нысаны-мемлекет нысаны түсінігінің анағұр-лым кең мағынадағымаңызды құрамдас бөлігі. Басқару нысанымемлекетті сипаттаитын басты көрсеткіштердің бірі. Басқару нысанын анықтау кезінде мына төмендегі мәселелер ескеріледі: а)мемлекетте қандай оргондар және лауазымды тұлғалар жоғары билікті бейнелейді? ә) олар қандай принциптер мен бастамаларда қалыптасады және олардың арасындағы өзара әрекеттестікте тежемелік пен тепе-теңдік механизмі қолданыла ма ? б) олардың арасындағы мемлекеттік өмірдің негізгі саласын басқару жөніндегі құзыреттер қалай бөлінеді? в) жоғарғы биліктің төменгі тұрған органдар мен халық үшін ашықтық дәрежесі қандай? Осы сұрақтардың жауабына қарай мемлекеттік басқарудың монархиялық және республикалық нысан екені анықталады. Монархия басқарудың нысаны ретінде мемлекетте бір адамның - монархтың қолында жоғары биліктің шоғырлануы мен сипатталады. Монарх жоғары билік басына мұрагерлік жолмен кейде сайлау жолымен да келіп , билікті өмір бойы атқарады. Республика үшін басқару нысаны ретінде мемлекеттегі жоғары биліктің заңмен б
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>