рғы кеңес одан ант қабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн оның ҚР Президентінің қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылады. ҚР Президенті - мемлекет басшысы , мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын , ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Республиканың Президенті-халық пен мемлекеттік билік бірлігінің , Конституцияның мызғымастығының,адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. ҚР тұңғыш Президенті тәуелсіздік алған жылдардан бергі жиырма жыл ішінде ҚР Конституциясының өзіне берген өкілеттігіне сай салиқалы да сарабдал саясат жүргізіп,елімізді басқарып келеді. Осы жиырма жылда әлемдік қауымдастықтағы халықаралық қатынастарды , экономикада,әлеуметтік салада,саясатта т. б салаларда қол жеткізген жетістіктеріміздің барлығы Н. Ә. Назарбаевтың ерен еңбегімен тығыз байланысты. Ол елімізде бірлік пен ынтымақтың сақталуына , халықаралық аренада беделінің өсуіне , демократиялық үрдістердің қалыптасуына орасан зор үлес қосып , Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа - кеңінен таныта білді, өзіде сарабдал саясатшы,мемлекет қайраткері ретінде танылды. Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдарға,оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше.
Страницы: << < 1 | 2 | 3