жауапты саясат жүргізіп келеді. Қазақстанның барлық бастамалары, Президентіміз ұйытқы болған бастамалар әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Еліміз өзінің шешімдерімен және белсенді қызметімен жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке орасан зор үлес қосты. Оны қару-жарақты еселеп көбейту және басқа елдерге қатер төндіру есебінен емес, ашықтық, тең құқықты әлемдік ынтымақтастық, жасампаздық және басқа елдермен сындарлы үнқатысу орнату арқылы айғақтауда. 1
"Мәңгілік Ел" жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі арманы болатын. Әлеуметтік маңызы зор құндылықтың мән-мағынасын ұғындыру, баланың санасына, сезіміне, түйсігіне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеге жеткізу ұстаздық шеберлікті қажет етеді.
Тарих сабағында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа,халықтарды құрметтеуге, сыйлауға яғни халықтар достығына тәрбиеленеді, бейбітшілікті сақтауға, туған жерін сүйе білуге тәрбиеленеді.
Тарих сабақтарында оқушылардың отан сүйгіштікке тәрбиелеудің мынадай жолдарын ұсынар едім:
-Халықтың алдыңғы қатарлы дәстүрлерін нақты мысалдармен ашып көрсету;
-Халықтар тағдырының ортақтығына, әдет-ғұрыптарының, салт-дәстүрлерінің ортақтығына назар аудару;
-Көрнекі қайраткерлердің де, қарапайым халық өкілдерінің де тарихтағы, халық алдындағы қызметін, еңбегін көрсету;
-Туған өлке материалдарын тиімді пайдалану;
-Отансүйгіштік сияқты тамаша қасиеттерді өркендетуге байланысты мемлекет пен үкімет тарапынан қабылданған құжаттарды пайдалану.
Ұлы тұлғалардың қаһармандық жолдары бүгінгі жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге баулудың темір қазығы деп сенімді түрде айтуға болады. Сабақта ағымдағы жылдары бол
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>