ып жатқан басты қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени саладағы маңызды жаңалықтарды, жетістіктерімізді кеңінен әңгімелеп, пікірталас, зерттеу, жобалау әдістерін қолданып өткізу оқушының танымдық қабілетімен өз тарихына деген қызығушылығын арттырады.
"Ел боламын десең бесігіңді түзе" деп М. Әуезов айтқандай, ел болашағы қазіргі жас жеткіншектің қаншалықты білімді, тәрбиелі болуына байланысты. Осы мақсатта барлық жұмыстардың нәтижесін үнемі бағалап, зерттеп, қорытынды жасап отырудың маңызы зор. Әрбір оқушыға өз мемлекетіне, оның бай тарихына, болашағына деген жауапкершілігін сезіндіретін әрекет жүйесін жасауымыз керек деп білемін.
Өткен мен бүгінгіні таразыға сала алатын, келешегінің сабағын ертеңіне бағдар еткен рухтағы асқақ, жандары таза жастарды тәрбиелеу - бүгінгі күннің міндеті. Білімнің іргетасының беріктігі - болашақтың мықты болуына негіз. Тарих сабағында оқушылардың елін, Отанын сүю сезімін қалыптастыру, ерлік рухын ояту- тарих мұғалімінің басты парызы. Біздің міндетіміз - айқын, алған бағытымыз - дұрыс. Ендеше Тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгі болсын!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ", атты халыққа арнаған жолдауы. " Егемен Қазақстан" газеті, 2014, 17 қаңтар . 1
2. Сатай Сыздықов. "Мәңгілік Ел" Бұл көне тарихтан тін тартқан идеяның жаңа дәуірмен ұштасуы", "Егемен Қазақстан" 2014 ж 4 желтоқсан
3. Амангелді Айталы. "Мәңгілік Ел" идеясының тарихи тамыры", "Егемен Қазақстан", 2014 ж 26 ақпан Тәрбие. орг сайтынан "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясының құндылықтары және мәні. Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланға
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 > >>