Тәуелсіздік күніне мерекелік отшашу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Өткізген: Каримжанова Т. К.
Топтың жас ерекшелігі: ересек топ
Білім беру саласы: "Шығармашылық"
Бөлімі: сурет салу
Тақырыбы: "Тәуелсіздік күніне мерекелік отшашу"
Мақсаты: балаларға салтанатты шарулердің мәнін түсіндіру, мерекелер туралы білімдерін одан әрі жетілдіру.
Міндеттері:
1. Кең байтақ Қазақстан туралы мәліметтерін кеңейту, туған жердің көрінісін қағазға түсіре білуге үйрету.
2. Балаларды түрлі түсті отшашуды бейнелеу арқылы мерекелі сюжет жасауға шақыру. Өздігімен материал, суреттін таңдау арқылы олардың шығармашылық дербестігін дамыту.
3. Өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриотыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: мерекелік отшашу көрінісі бейнеленген сурет, жай қарындаш, қылқалам мен акварель бояуы, ақ қағаз.
Сөздік жұмыс: Тәуелсіздік күні, мерекелік отшашу.
Қостілділік компонент: салют- отшашу, праздник-мереке.
.
Қызметтің кезеңдері
І. Мотивациялық - қозғаушылық
Психологиялық сәт:
-Балалар, біз сәт көзімізді жұмып, көз алдымызға туып- өскен жерімізді елестетейік. (Педагог өздері тұрған аймақтың көрікті жерлері туралы қысқаша түсінік береді. ) Ал енді көзімізді ашайық.
ІІ. Ұйымдастырушылық - ізденістік
Педагог:
-Отан дегеніміз не?
Балалар:
-Отан-біздің еліміз, әке-шеше, тұған - туыс, ауыл-қаламыз, өзіміз туып - өскен жеріміз
-Балалар, біздің ұлтымыз - қазақ. Отанымыз-Қазақстан Республикасы. Мынау-Мемлекеттік елтаңбамыз. (Елтаңба суретін көрсетеді. )
Ондағы басты белгілер қандай?
Олар нені байқатады. (Елтаңба туралы мәліметтерді түйіндеп айтады. )
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні -16 желтоқсан. Қазақстандықтар бұл мерекені асыға күтеді, тойлайды.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: