Тәуелсіздік күні

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Агрономия орта мектебі
Андриановка ауылы
Тәуелсіздік күні
Мақсаты: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, Ата заң, суреттер, шарлар, «Тәуелсіздік шежіресі», «Алматы 1986 Желтоқсан» кітаптары, «Тәуелсіздік хроникасы» жинағы, қанатты сөздер жазылған плакаттар:
1. «Мәңгілік мақтан, 2. «Жасай бер, жаса,
Дауылпаз дастан – Тәуелсіз ел –
Қазақстан!» Қазақстан!»
3. «Тәуелсіздікке 22 жыл!» 4. «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!»
Түрі: дөңгелек үстел
Барысы: 1. ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
2. «Тәуелсіздік шежіресі»
Мұғалім: - Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгінгі тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған «Тәуелсіздік күні!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын! Міне, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 15 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.
1-оқушы. Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.
2-оқушы. Тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгіл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: