Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік - елімнің еркіндігі!
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға 1986 жылғы көтерілісті, жастардың көтеріліске шығу себептерін, олардың алдына қойған мақсаты жайлы түсінік беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөздік қорын молайту. Есте сақтау қабілетін арттыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім сөзі:
Күндер өтті кешегі, Жігер құм боп жасыған, Несіне оны жасырам? Әнұраным бүгінгі Баға жетпес асыл ән - деп бүгінгі 2 "А" сыныбының "Тәуелсіздік - елімнің еркіндігі!" атты тәрбие сағатын ҚР-ның гимнімен бастаймыз.
(Гимнді орындайды)
Тәуелсіздіктің түп тамыры "Желтоқсан" оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. "Түбін білмеген тексіз" деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар - намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен аға - апайларымыз есімізге түскенде жан - жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік.
Бүгін сіздердің алдарыңызда осы мектептің 2 "А" сынып оқушылары, болашағынан зор үміт күттіретін қазақ елінің ұландары, менің кішкентай достарым өз өнерлерін
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>