Қазалы қаласындағы Қ. Нұрмаханов атындағы  95 орта мектеп жанынан құрылған "Еркетай" шағын орталығында 16 желтоқсан ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған "Тәуелсізбін , егеменмін , дербеспін!" тақырыбында ұйымдастырылған салтанатты ертеңгіліктің сценарийі 
Мақсаты: Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. 
 (Күй әуені күмбірлеп тұр) 
Жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,
 Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. 
 Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
 О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан. 
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
 Армысыздар, құрметті қонақтар, балалар және қадірменді ата - аналар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған "Тәуелсізбін ,егеменмін, дербеспін!" атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! 
 Назар аударыңыз ! Тәуелсіздік төрінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 
 
 Әнұран орындалады
 
Жүргізуші: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Ата - бабамыздың қанымен , жанымен келген осынау күн біз үшін Ұлы күн ! Ұлы күнді өскелең ұрпақ санасына сіңіріп , оның мағынасы мен мәнін жас ұрпақ санасына ұялату , ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, меркенің мәні мен өзектілігін ұғындыру мақсатында өткелі отырған бүгінгі күннің шымылдығын бүлдіршіндеріміз дайындаған меркелік құттықтаумен ашшақ дейміз. 
 
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
