Тәуелсізбін , егеменмін , дербеспін

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

Бүлдіршіндердің әдеби монтажы

Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық
Өзімізді құрсаудан да босаттық
Ақтадық біз ата-баба үмітін
Қолда қазір көк ту менен бостандық

Бабамның да арманы
Осы еді ғой аңсаған
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қасыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолына
Меінң Қазақстаным!

Қазақтың елі - ең кең ел!
Басшысы жайсаң кемелді ер
Зейіні зерек, өзі алғыр
Нұратасы Кемеңгер!

Он алтыншы желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы
Жаңа шыққан көктемдей
Жаз күніндей жайдары

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн

Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қаалың жұрт
Бәрін кешті басынан

Арымыздай тап-таза
Жанымыздай шуақты
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы


Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілді
Ортада аман әлемі

Естісін ел үніңді
Дүние түгел естісін
Тәуелсіздік туыңды
Биік көтер, жас ұлан!

Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт қанатты
Сол қырандай еркіндеп
Бала өседі талантты

Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің
25 жасың құтты болсын нұр елім
25 жылда шықтың талай белеске
Қазақстан жасай берсін гүл елім

25 жыл , тәуелсізбін , дербеспін
Күмәндала бүніе енді ешкім
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір , міне артты қалды келмес күн .

Жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің
Ән: "Мереке" , орындайтын Төлеген Сәулесін
Жүргізуші: Күлімде күн,күлімде!

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: