Тәуелсізбін , егеменмін , дербеспін

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

Бүлдіршіндер қуансын.
Қырдың көкшіл түгіндей
Қолдарына ту алсын. Тәуелсіздік төрінде алаңсыз ,бақытты бүлдіршіндердің мерекелік компазициялық биін назарларыңызға ұсынамыз . Қабыл алыңыздар !

Компазициялық би , орындайтын "Еркетай" шағын орталығы сарбаздары

Жүргізуші: Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді.
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.

Ән "Жайна Астана"

Жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық ,Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қостық.
Көп ұлтты мемлекетке айналып , әр қазаны татулықпен бірлікте қайнаған , бастарынан бақтары таймаған Қазақстан деген елдің туы тұғырлы , тәуелсіздігі ғұмырлы болсын .

Би: "Шаңырақ" биі , орындайтын "Тұмар ханым" би үйірмесінің бүлдіршіндері

Жүргізуші : Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық
Өзімізді құрсаудан да босаттық
Ақтадық біз ата-баба үмітін
Қолда қазір көк ту менен бостандық

Би "Ұйғыр биі" , орындайтын Мамай Аружан
Жүргізуші: Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт қанатты
Сол қырандай еркіндеп
Бала өседі талантты

Ән "Көк тудың желбірегені " , орындайтын "Ерукетайдың" бір топ бүлдіршіндері
Жүргізуші: Бүгінгі күн қандай керемет! Барлығымыздың көңілдеріміз көтеріліп , қуанышқа кенелдік. Әр қашан жүздеріңіз жарқын болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіз еліміз гүлдене, көркейе берсін. Ел Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған концерттік бағдарламамыз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!







Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: