br/>Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. 
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
1- жүргізуші: 
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан. 
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
2- жүргізуші: 
Құттықтау сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Досаханова Ләззат апайға беріледі. 
1 - жүргізуші: 
Би "Мереке" (9-10 сынып оқушылары)
2- жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің
1 - жүргізуші: 
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащы!!!. . . . . . 
Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар. . . 
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!. . . . 
2 - жүргізуші: 
Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді. . . . 
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып . . . . 
1 - жүргізуші: 
Халық әні "Ақтамақ" орындайтын 9-сынып оқушысы 
Байжанова Ұлбосын
2 - жүргізуші: 
Бақытым - Республикам Қазақстан, 
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. 
Саған жетпес құшағы әлемнің де, 
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан. 
1 - жүргізуші: 
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма. ? Білмедім,
Жоқ әлде сен оқш
		Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>
