Тәуелсіз ел – Қазақстан (Мектеп көркемөнерпаздар үйірмесінің концерті)

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

:
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: "Ұлы Отан" Орындайтын: 8-сынып оқушысы
Мінсізбаев Асылхан

2- жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

Сөзі: Ж. Махамбетова Әні: Б. Әлімжанов "Бәйтерек" әні орындайтын "Балауса" хор ұжымы
(Барлық қатысушылар сахнаға шығып, қолдарындағы жалаушаларын бұлғап, қосылып тұрады. )


1 - жүргізуші:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған
"Тәуелсіз ел-Қазақстан" атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

2 - жүргізуші:
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

1-2-жүргізуші
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Бүгінгі кештің жүргізушілері: Нұрбай Шыңғыс пен Құлбарақова Жансая
Ұйымдастырушы:
Көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі: Қосымбаева Жұмагүл

Назар қойып тындағандарыңызға көп рахмет!


























Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: