Құтты болсын Жаңа жыл

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

атайық!
"ТАУДА ТУЫП,ТАУДА ӨСКЕН" әні
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат. (қолдарын шапалақтайды) Шырша жарқырайды.
Аяз Ата: Балалар, менің қарша қызым қайда жұр екен, кім тауып береді екен маған?



Ұлағат
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жыл да келеді
Бізге қарай жылыстап.

Ақтілек:
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.

Ақарыс:
Ақ қырауға малынған
Ақша қардай сақалы
Көптен күтіп сағынған
Көрдік Аяз атаны

Алдияр:
Базарлықты баршаға
Әкеліпті ол тағы
Қарасын деп тамсана
Безендірдік шыршаны.


Айзере:
Тақпақтарды жаттадық.
Би биледік көрсін деп.
Аяз ата қуанып,
Бізге риза болсын деп.

Аяз Ата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтардан кейін кідірмес. Клоун балам, тәттілерін берейік тақпақ айтқап балаларға.
Клоун: Аяз Ата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?
Ертегідей орманнан
Көктей өтіп келеді.
Сұңқар бойлы бір сұлу
Табыңдаршы, аты кім?
Балалар: Ақшақар!

"В ЛЕСУ РОДИЛАСЬ ЕЛОЧКА" әнімен Ақшақар кіреді)

Айшуақ:
Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортаға кел, Ақшақар,
Көптен күттік сағынып.
Ақжан:
Кел, билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен.

"АҚШАҚАР" биі /Қыздар Ақшақармен билейді/
Ақшақар Алтынгүл Дорветханқызы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен бір қызықты ойынды білемін. Сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма? Кәне, бірге ойнайық. Үйретейін сендерге. Мен бастайы

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: