тақпақтарын айтып береді екен?
Батырбай
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Інжу:
Әкелсін жыл ырыс-құт
Әлемде болсын тыныштық
Жаңа жылым тамаша
Ән салайық жаңаша!
Олжас:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Алтынгүл Дорветханқызы: Жарайсындар, шыршаға арнаған шумақтарың өте жақсы екен! (шыршаның жанына жақындап келіп)
Бәрекелді, қараңдар, балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік.
"ВЕСЕЛАЯ МУЗЫКА ДЛЯ ДЕТЕЙ" әуені ойнайды, қапшықты ашқанда , оның ішінен Клоун атып шығады. Клоун - Асима Ағзамқызы
Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін! Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!
Ойын: "МУЗЫКАЛЫҚ ОРЫНДЫҚТАР" ойыны (Коко Жамбо)
Клоун: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кімдер жетпей тұр?
Балалар: Аяз Ата, Ақшақар.
Алтынгүл Дорветханқызы: Кәне, онда Аяз Атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аяз Ата, Аяз Ата! Ақшақар! Ақшақар!
ҚОЯН КІРІП КЕЛЕДІ. /Полька/
Қоян - Ергенгүл Манарбекқызы: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарынды жыртып жатырсыңдар?!
Клоун: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті жан алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?
Қоян: Білсем бұйырмасын!
Клоун: Мұны "Айналайын" тобының балалары біледі. Тіпті "Бөбектер" де біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>