Құтты болсын Жаңа жыл

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

н, ал, сендер жауабын айтыңдар. Хормен жауап айтыңдар!
"ЖАУАБЫН ТАУЫП АЙТ" ойыны
Ақшақар:
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр. . . .
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар:
Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге. . . . .
Балалар: Аяз Ата!
Ақшақар:
Шырша бүгін кәделі!
Сендер де одан. . . .
Балалар: Әдемі!
Ақшақар:
Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын.
Құтты болсын. . . .
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
"СОБАЧИЙ ЛАЙ" жазбасы естіледі. Ит жылы сол дыбыспен кіреді.
ЖАҢА ИТ ЖЫЛЫ КІРЕДІ.
Ит жылы / Оңғар /
Сақ төбетпін жолдыаяқ,
Саңқылдаймын қоймай-ақ.
Бөріге қой бермеймін,
Ұрыға жол бермеймін.
Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келсін! - деп тілеймін.
Аяз Ата: Бәрекелді, қош келдің, Жаңа жыл, енді балалар тақпақтарын айтып берсін.

Айару:
Тағы бір жыл,балалар
Жаңадан бізге келіп тұр!
Жадыратып жер бетін
Төрімізге еніп тұр.
Меруерт:
Бізді байтақ далада,
Асқар тауда қалада.
Биыл ғажап іс болды,
Таң ғажайып қыс болды.
Жазира:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!

Еркебұлан:
Далада қар борайды,,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып - жылтыр боп жатады.

Төлебай:
Қане, биге басайық
Салтанатты көңілді
Таң - тамаша жасайық,
Шалқытып шат өмірді.




"АҚҚАЛАЛАР" биі. /Ұлдар/
Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз қосылып жақсылап ән айтып жіберейікші, Аяз Атамызбен, Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, қонақтарымыз бар, бәріміз!
Ән: "Жаңа жыл!"
Аяз Ата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.
Ақшақа

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: