Еңбексіз іс бітпейді.
Еріншектің қолы жетпейді.
Әже:-Талқан жасау үшін балаларым, тарыны құрғақ қазанға салып қуырамыз,
сыртынан қабығы түскенше, ағарған тарыны келіге салып ұнтақталғанша түйеміз. Осы ұнтақты талқан дейді.
/Әже жасалу жолдарын көрсетеді/ сергіту жаттығуы
Тәрбиеші:-Әже сіз шаршаған шығарсыз отырып дем алыңыз, сізге арнап біздің
балалар өлең айтып береді, соны тыңдаңыз.
Өлеңдер: "Айдана, Жеңеше - ай"
Әже:-Балаларым бәріңде өнерлі екенсіңдер ғой, дауыстарыңыз қандай әдемі,
өркендерің өссін. Өнерлі елдің өрісі кен деген өмір жастарың ұзақ болсын.
/Әже осыдан кейін келідегі талқанды келініне алғызып балаларға көрсетіп шығады/
Тәрбиеші:-Әже сізге де рахмет бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қиындау болып еді, бірақ сіз бізге коп көмек көрсеттіңіз. Балалар сізден көп нәрсе үйренді. Солай ма балалар?
-ия үйрендік.
Әже:-Қызым балаларға жақсы тәрбие берген екенсің, киіз үй туралы сұрасам жақсы жауап берді. Мақал - мәтелдерді де жақсы біледі екен, бұлда болса тәрбиенің, көргенділіктің белгісі, өркендерің өссін.
Тәрбиеші: - Сонымен балалар бүгінгі сабағымызда немен таныстық?
Бұл құрал қандай аталады?
Оны бізге кім түсіндірген?
Бұл құралды не үшін қолданамыз екен?
Тарыдан не жасалады екен?
Ол қалай аталады?
Әжеге біз тағы не айтып бердік?/ жұмбақ, мақал - мәтелдер, өлеңдер/
Тәрбиеші:- Балалар, мына ілініп тұрған суреттердің арасынан келі мен келсаптың
суретін кім тауып береді?
Мына жерде және қандай суреттерді көріп отырсыңдар?
Кім атын атап көрсетіп береді?
Мадақтау.
Тәрбиеші:-Балалар сурет сабағында келі мен келсаптың суретін салатын
боламыз.
Әже енді біздің ауылға қайтатын уақытымыз болды. <
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>