Тұрмыста қолданылатын үй мүліктерінің бір түрі Келі мен келсап таныстыру

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

і домбыра туралы аңыз айтып берейін.
. . . . . . . ертеде Жошы хан деген хан болыпты. Ханның жалғыз ұлы аң аулап жүргенде құлан теуіп өлтіріпті. Хан жарлық шығарыпты. Кімді - кім баламның өлген туралы хабар алып келсе қорғасынды құямын. Сол жердегі қойшы өзінің домбырасын алып ханның алдына келіп тарта жөнеледі. Хан түсініп, тоқтат мынауыңды зарлатпай деп қорғасынды домбыраға құйған екен.
Сондықтан домбыраның мына жеріндегі кішкене ойық пайда болыпты.
Балаларым бұл домбыра күйші Құрманғазы аталарынан, Дина апаларыңнан қалған қасиетті домбыра, сондықтан менде қастерлеп төрімнен орын беріп іліп қойып жүрмін.
Әже:Қанеки балаларым, ең соңғы жұмбағымды шешіңдер.
7. Тарс тұрс соғады,
Тары бидай тағамын,
талқан болып шығады.
Бұл қандай ыдыс болады? /келі, келсап/
Неге үндемей қалдыңдар, әлде білмеуші ме едіңдер?
Бұл келі мен келсап
Тәрбиеші:-Әже, біздің балалар келі мен келсапты бұрын естіпте көрген емес және
бүгінгі сабағымыздың тақырыбы келі мен келсап туралы еді. Әже осы туралы бізге түсіндіріп, әңгімелеп берсеңіз.
Әже:Келі жасау, үлкен өнер, келіні елімізде қара жиде ағаштан жасаған.
Келішілер осы ағаштардың ішінен біреуін таңдап алып қысқа қарсы бойына нәр жинаған кезде түбірімен қазып алып қызған тандыр ішінде кептірген. Келіні іші, сыртына қойдың құйрық майын жаққан, сіңірген. "Келіні көрсетіп отырып айтады" келі жасау үшінде түю үшінде көп еңбектену керек балаларым. "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" деген бабаларым.
Тәрбиеші:-Әже ,біздің балалар да еңбек туралы мақал мәтелдер біледі.
Сұраңызшы Еңбек түбі береке
Көптің түбі - мереке

Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті.

Ердің атын еңбек шығарады.
Көп еңбекті көңілді.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: