әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.
Аналардың балаларға: "әкеңмен ақылдас", "әкең біледі", "әкеңнің айтқанын істе" т. б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты "Абай" эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. ". . . Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала - Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: "Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!" - дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі". Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
Ата-ананың бір-бірінің қадір-қасиетін осылайша ардақтап, беделін өсіруі, араларында өкпе-наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы - шынайы инабаттылық, әдептілік.
Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында отбасының маңызы орасан зор.
ІІІ. "Сан сұраққа саяхат"
Ата-аналарға:
1. Бүгін сіз балаңызбен сөйлестіңіз бе? Егер сөйлессеңіз не жайында сөйлестіңіз?
2. Сіздің балаңыз бос уақытын қалай өткізеді?
3. Ең алдымен қандай тәрбиеге ерекше көңіл бөлер едіңіз?
4. Сіз мерекелерде балаңыздың да
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>