йын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолымен жасаған бір затын сыйлағанды жөн көресіз бе? Неліктен?
5. Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата- аналарға не айтар едіңіз?
6. Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге; " ана, ыдысты таңертең жуа салайыншы" десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?
7. Жұмыстан үйіне келе жатқан ана , баласының қолын көтеріп , балағаттап көршінің баласын соққыға жығып жатқанын көріп қалды.
8. Отан- отбасынан басталады.
Бұл мақалды қалай түсінесіз?
Оқушыларға:
1. Сендер отбасыларыңда қандай тілде сөйлесесіңдер?
2. Әр отбасының дәстүрлері бар. Сіздердің отбасыларыңызда қандай дәстүрлер сақталады?
3. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісінің сөмкасын көтере алмай келе жатқанын көрдің . Сен не істер едің?
4. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
5. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
6. Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Мектеп психологнің баяндамасы.
ІV. "Алтын сандық" ойын
Тыйым сөздерді оқушыларға беру.
Тыйым сөздер
1. Мал
2. Су
3. От
4. Пышақ
5. Құс
6. Сыпырғыш
7. Киім
8. Үй
9. 12 мүшеге байланысты
10. Тамақ
V. "Сыңарын тап"
Ата - аналарға:
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар. . . . . . . . . . (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды. . . . . . . . . . . . (ешкім жақтамайды. )
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без. . . . . . . (шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер. . . . . . . . . . . . . . . (қатарына қарап бала өсер)
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>