тымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады. 
 Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, мұғалім жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы - бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек. 
Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі
- бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі; 
- отбасы - болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек - арқауы; 
- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы; 
- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу; 
- отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы; 
- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы; 
 ІІ. "Отан - отбасынан басталады" баяндама
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. 
 Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. "Ел болам десең, бесігіңді түзе" - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
 Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. 
 Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
 Отбасы - шағ
		Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>
