Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: "Қатынас"
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: "Түлкі мен шаян".
Мақсаты: Шығарманың мазмұнын түсініп, сахналауға талпындыру, белгілі бір түсінікті сипаттап, хабарлы сөйлем түрінде жеткізе білу. Дауыс ырғағын қолдану шеберліктерін арттыру.
Сөздік жұмыс: келбеті
Билингвальдік компоненттер: түлкі - лиса, шаян - скарпион
Іс-әрекет кезеңдері.
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың іс-әрекеті
І кезең мотивациялық-қозғаушы
Балаларға жануарлар, аңдар туралы жұмбақ жасыру.
Д/о: "Пішінінен айыра біл" ойынын ойнату.
Балалар жұмбақтың шешімін табуға талпынады.
Суретін тауып көрсету. Ойынның шартын бұзбай ойнау.
ІІ кезең проблемалық ізденушілік
Тәрбиеші балаларға "Түлкі мен шаянның" суретін көрсетеді. Балаларға түлкі мен шаянның әңгімесін оқып беру. Балалар мұқият мазмұнын тыңдау. Сергіту сәті.
"Түлкі" сөзіне дыбыстық талдау жасау.
"Түлкі мен шаянның" суретін қарап, олардың келбетіне көз салу. Әңгіменің мазмұнын талдау. Дыбыстық талдау жасау мәнерін қайталау.
ІІІ Рефлексивтік-түзетуші.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалармен сабақты қорытындылау. Мақтап, атап өту.
Балалар бір-бірінің жауаптарын мұқият тыңдап, толықтырып отыру.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Шығарманың мазмұнын әңгімелей білу
Түсінеді:Әр балада зейіні мен ынтасы болу
Қолданады: көркем суреттер, ақыл-сөздер, дидактикалық ойындар.
Страницы: 1