сөздермен жұмыс .
- Ертедегі жанрлық ерекшелігне сай оқи отырып, оқу дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқушыларды еңбексүйгішктікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интерактивті тақтамен өткізілген жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Ертегі халық ауыз әдебиетінің ең көп тараған түрі.
- Ертегілер неше топқа бөлінеді?
- Ертегі үш топқа бөлінеді: қиял-ғажайып ертегі, хайуанаттар туралы ертегілер, тұрмыс-салт ертегілер.
- Хайуанаттар туралы қандай ертегілер оқыдың?
- Хайуанаттар туралы "Түлкі мен Ешкі" ертегісін оқыдым.
- "Түлкі мен Ешкі" ертегісінің бас кейіпкерлері кім?
- "Түлкі мен Ешкі" ертегісінің басты кейіпкерлері түлкі мен ешкі.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгін біз "Мақта қыз бен мысық" ертегісімен танысамыз. Ең алдымен, ертегіде кездесетін түсініксіз сөздермен жұмыс істейміз.
1. Сөздікпен жұмыс:
Мейіз - изюм
Қатығын төгеді - выливает кефир
Туып алады - нашел
Шөлдеп тұрмын - хочется пить
Дән - зерно
Бас салады - хватает
Тышқан - мышь
2. "Мақта қыз бен мысық" ертегісін мәнерлеп оқу. мұғалім (93-96 беттер)
3. Балаларды ертегіні мәнерлеп оқуға дағдылау, ертегінің қиын, түсінбеген жерлерін балалармен оқып, аудару.
4. Ертедегі кейіпкерлерді атау
(Мақта қыз, мысық, ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан, т. б. )
IV. Бекіту. Сатылай кешенді технологиясы бойынша талдау
Авторы: халық
Жанры: тұрмыс-сал ертегі
Тақырыбы: достық
Кейіпкерлері - негізгі: Мақта қыз, мысық.
Қосалқы: ағаш, қыздар, дүкенші,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>