Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Толық тізбек үшін Ом заңы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі ұғымын қалыптастыру. Өз жетістіктерін сезініп, сын көзбен қарауға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қасиеттерін шығармашылық қабілетін күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, пайдалана білуге баулу. Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Жұмбақ шешуді сабақтың кейбір тұстарында пайдаланып, оқушыларды пайымдауға, ойлануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндірмелі, ойын технологиясының элементтері
Көрнекілігі: Үлестірмелі материалдар, слайдтық - презентация, электр тізбегі
Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, информатика, математика
Сабақтың барысы.
I Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын, оқу құралдарын тексеру. Сыныпты екі топқа бөлу. 1 - топ "Ток күші", 2 - топ "Кернеу"
Бүгінгі сабақта "Өсімдіктердің жұмбақ әлеміне" саяхат жасаймыз
II. Үй тапсырмасын тексеру. Бүгінгі сабақта апельсин мен лимонның алыс тумасы қалай аталатынын білуіміз керек. Ол үшін сөзтізбек шешеміз. Ортадағы торкөзде ол жемістің аты шығады.
1.
2. Аттас зарядталған денелер қалай әсерлеседі?(тебіледі)
3. Янтарь сөзі қандай мағына береді? (электрон)
4. "Электр өрісі" ұғымын енгізген ғалым (Фарадей)
5. Электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген итальян ғалымы (Гальвани)
6. "Электр тогы" түсінігін енгізген ғалым (Ампер)
7. Электрон зарядының мәнін анықтаған американ ғалымы (Милликен)
8. Атомның ортасында не бар?(ядро)
9. Денелердің электрлену
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>