Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

згіштегі ток та сонша есе артады, яғни IU. Ток күшінің кернеуге тәуелділігін көрсететін нәтижелердің математикалық өрнегін былай жазуға болады:
I1R U немесе I1R
Мұндағы 1R - пропорционалдық коэффициент. 1R шамасы өткізгіштің қасиеттеріне ғана тәуелді.
Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын R шаманы кедергі деп атайды. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы Г. Ом ашты.

Георг Симон Ом неміс физигі. Ол 1787 жылы 16 наурызда Эрланген қаласында туған. Көп жылдар ұстаздық еңбек еткен. Оның еңбектерінің бағыты электр, оптика, акустика салаларына арналған. Ол бірнеше эксперименттер жүргізіп, 1827 жылы электр тізбегінің негізгі заңын ашты. Кедергінің бірлігі 1881 жылдан бері Ом есімімен аталып келеді. Г. Ом 1854 жылы 7 шілдеде қайтыс болды.
Тізбектің бөлігіндегі ток күші - осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал:
IUR
SI жүйесінде кедергіні Оммен өрнектейді. Ом заңына сәйкес RUI
Бұл өрнектен кедергінің бірлігін анықтайды: 1 Ом1B1A (1 Ом1вольт1ампер).
Тізбектегі кедергінің шартты белгісі:
Тізбектегі кедергіні өзгертіп отыру үшін реостаттар қолданылады. Олар реттегіш және іске қосқыш болып бөлінеді. Реостаттың шартты белгісі:
Кедергіні өзгергенде, тізбектегі ток күшін біртіндеп өзгерту үшін реостат қолданылады.
Ом заңынан UIR шамасын анықтауға болады. IR шамасын осы тізбек бөлігіндегі кернеудің түсуі деп атайды. Тізбек бөлігіндегі кернеу осы бөліктің кедергісіне тура пропорционал.
VI. Есеп шығару үлгісі:
Кедергісі 650 Ом болатын реостатқа 12 В-қа тең кернеу түсірілген. Ток күшін есептеңдер.
Берілгені: Шешуі:
R650 Ом IUR12B650 Oм0,0185 А
U12B
Т/к: I ? Жауабы: I0,0185 А
Оқулық

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: