Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы, электр кедергісі туралы түсіндіре отырып, Ом заңы, электр кедергісі ұғымын қалыптастыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі:Амперметр, вольтметр, реостат, Ампер, Вольт, Омның суреттері,электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілердің суреттері, формулалар, сызбанұсқалар.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
(Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. )
I топ. Ток күші II топ. Кернеу
1. Сұрақ - жауап бөлімі.
Ток күші тобының сұрақтары.
1)Ток күші дегеніміз не?
2)Ток күшінің формуласы?
3)Ток күшінің өлшем бірлігі қандай?
4)Ток күшін қандай құралмен өлшейді?
5)Амперметр тізбекке қалай қосылады?
6)Амперметрдің сызбадағы шартты белгісі қандай?
7)Электр тогы дегеніміз не?
8)Ампер өмірбаянына қысқаша шолу жасау.
Кернеу тобының сұрақтары.
1)Кернеу дегеніміз не?
2)Кернеудің формуласы?
3)Кернеудің өлшем бірлігі қандай?
4)Кернеуді қандай құралмен өлшейді?
5)Вольтметр тізбекке қалай қосылады?
6)Вольтметрдің сызбадағ ы шартты белгісі қандай?
7)Электр тізбегі деген не?
8)Вольта өмірбаянына қысқаша шолу жасау.
2. Формула құрастыру.
I, U, A, q, t, ε.
(Екі топтан бір оқушыдан шығып өз топтарының атына сәйкес формула құрастырып, қандай заңдылыққа байланысты екенін түсіндіреді. )
3. Сәйкестігін табу.
Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілерд

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: