Сабақтың тақырыбы: Титриметриялық анализ. Қышқыл негіздік титрлеу. 
Сабақтың түрі: тәжірибелік
Сабақтың жүргізу әдісі: танымдық-зерттеу
Мақсаты: 
Білімдік:
 Титриметриялық анализ негізі мен әдістері. 
 Қышқыл-негіздік титрлеу. Берілген концентрациялы ерітінділер дайындау және
 дайындалған ерітіндінің дәл концентрациясын табу. 
Тәрбиелік:
 Өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдыру және жұмыс істегенде тазалық сақтау,
 реактивтерді үнемдеу, ұқыптылықты қалыптастыру. 
Дамытушылық:
 Оқушылардың ойлану, қызығушылығын дамыту, өз күшіне сенімділік, бақылау
 қабілетін дамыту. 
Пән аралық байланыс:
 1. Бейорганикалық химия (қышқылдар, негіздер, тұздар,ерітінділер, бейтараптану реакциясы)
 2. Лабораториялық жұмыстар техникасы (лабораториялық шыны ыдыстармен және қосымша құрал-жабдықтармен жұмыс істеу)
Пән ішілік:
 Сапалық анализ әдісі
 1. Сандық анализ әдісі (салмақтық анализ, көлемдік анализ)
 2. Титр. Титрлеу
Сабақ өтілетін орын: оқу химия лабораториясы
Сабақтың құрал жабдықтары:
 Лабораториялық ыдыстар; пипеткалар, Бунзен штативі, бюретка 25мл. 
 арналған, екі конус тәрізді колба 50 мл, резеңке груша, микропипетка 
 20 мл, өлшеуіш пробирка 50 мл. арналған, ақ қағаз. 
 Реактивтер: HCl 0,1н; NaOH фенолфталеин
 NaOH 0,1н; HCl метилоранж
Сабақтың жоспары
 1. Ұйымдастыру - 2мин. 
 2. Осы практикалық сабақ тақырыбымен таныстыру және оқушылардың әзірлігін тексеру - 3мин. 
 3. Сабақтың жопарымен, мақсатымен таныстыру - 5мин. 
 4. Тірек білімдерін тексеру - 25 мин. 
 5. Дағдыларын көрсету бөлімі - 20 мин. 
 6. Оқушылардың өз бетімен жұмысы - 120мин. 
 7. Тәжірибелік дәптерді толтыру - 10 мин. 
 8. Тақырыпқа байланысты материалды меңгеру
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
