Тіс ауруларынан сақтану

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>

жайлы еске аламыз. Қызыл иекте қалта пайда болғанда, тіс мойыны жалаңаштанғанда тіс жиі қанайтын болады. Бұл тістін босауына,тіпті түсуіне әкеледі. Бұдан басқа датіс қанауының көптеген себептері бар. Соның бірі - ауыз қуысының таза болмауы мен тіс тасының түзілуі.
Қызыл иек қанамау үшін, біріншіден тіс тасын алғызу керек,екіншіден тісті күніне екі рет тіс пастасымен тазалау керек, сосын3-5 минуттай саусақтармен қызыл иекке массаж жасау керек. Массаж-маңайындағы тіндердің қан айналысын жақсартып, қызыл иекті нығайтады. Ауызды қайнаған сумен шаю қажет. Тістің қанауы,қызыл иекте тіс сауыты мен протездің дұрыс қойылмауының нәтижесінде болуы мүмкін. Сондай-ақ тістің қанауы ағзадағы витаминдердің жетіспеуінен де болады. Сондықтан егер сіздің қызыл иегіңіз қанайтын болса, тамақтану тәртібін дұрыстаңыз. Астың құрамында сүт, өсімдік өнімдері, әсіресе, жеміс-жидек көбірек болғаны дұрыс. Микроэлеметтердің ішіндегі аса маңыздысы-фтор, ол тісті тіс жегісінен сақтайды, тіс жегісіне берілмейтін мықты болады. Тіс сауытының басқа бөлігіне қарағанда кіреукенің үстінгі қабатында фтор көп болса, ол тістің құрамында минералды заттардың көптігін көрсетеді.
Тісті пастасымен тазалау күніне екі реттен кем болмауға тиіс. Тістің бетін толық тазарту үшін алдымен көлденең, сонан соң тігінен ысқылап тазартады. Мұның барлығына 2-3 минуттай уақыт жұмсалады. Тісті тазалап болған соң, ауызды сумен жақсылап шаю керек. Сондай-ақ, тіспен қатты нәрсені шақпау,түйреуіш, ине сияқты заттармен тазаламау керек. Тіс тазартуға қылы жұмсақ щетканы пайдаланған дұрыс. Пайдаланып болған соң щетканы жуып, жақсы кебу үшін басын жоғары қаратып қояды. Әр адамның өзінің жеке щеткасы болу керек және оны төрт ай сайын жаңалап отырған жөн. Тісті және ауыз қуысын дұрыс күту, тіс ауруларын дер кезінде емдету, дәрігерд

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: