Тіс ауруларынан сақтану

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

ылуы үшін тістердің сау болуы қажет. Ауру тістер - микробтардың жыналатын орны . тісті әр түрлі аурулардан аман сақтау әркімнің өзіне байланысты. Құрамында витамині және минералді тұздары мол тағамдармен тамақтану тістін беріктігін арттырады. Ауыз қуысын әрдайым таза ұстау керек. Ол барлық адамдар үшін маңызды. Егер тістердің арасында тамақ қалдықтары тұрып , уақытында тазаланбасы шіри бастайды. Сондықтан тамақ ішкеннен кейін ауызда міндетті түрде шайып , тамақ қалдықтарын тазартып отырған дұрыс. Тісті күнделікті дұрыс тазалап тұрмаса , ас қалдықтары тіс тастарына қосылып , ауыз микробтардың ұясына айналады. Зерттеулерге қарағанда 1мг тасында 800миллиондай микроорганизм болады екен.
Тістердің ауызда маржандай тізіліп тұрғанын халық ежелден- ақ денсаулықтын кепілі деп білген. Сұлулық пен денсаулық ұғымы түзу , аппақ тістермен тығыз байланысты. Сау тістін адам денсаулығында атқаратын қызметі орасан зор. Бірақ,көп жағдайда біз сау тістін қадірін біле білмейміз. Тісімізді күтіп ұстамағандықтан, ол зақымданып, солқылдап ауыра бастағанда дәрігерге жүгіреміз. Дер кезінде емдемегендіктен ,кейде тісті жұлғызуға тура келеді
Тістердің толық болмауынан тіс - жақ жүйесінің шайнау қызметі нашарлайды. Соның әсерінен адам құрғақ және қатты тамақты жегенде қиналады. Сонымен қатар жеген тамақ дұрыс шайналмағандықтан, оның қорытылуы да қиындай түседі. Бұл құбылыс ұзаққа созылса, адамды түрлі асқазан дерттеріне шалдықтырады. Тісті әр түрлі аурулардан аман сақтау адамның өзіне байланысты. Ас қорыту ең әуелі ауыздан басталады. Сол себептен халқымыз "ішімдегінің бәрі-тілімде,тілімдегінің бәрі -түрімде" дейді.
Кейде тіс тазалағанда қызыл иекте қан пайда болғанын байқаймыз. Әдетте тіс сирекқанайтын болса, ол туралы ұмытып кетеміз. Бірақ қызыл иек қышыса, тіс босаса бұл

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: