Тіс ауруларынан сақтану
1. мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.
Кепіл- залог
Түзілу - образоваться
2. мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын табыңыз.
Астың қорытылуы ,тістін беріктігін арттыру ,тамақ қалдықтарын тазалау , шіру , маржандай тізілу,ежелден - ақ , денсаулықтық кепілі,қиналу , шалдығу , тіс мойыны жалаңаштану , қанау ,түзілу ,көлденең ысқылау, тігінен ысқылау, кебу үшін ,дер кезінде емдету , дәрігердің кеңестерін орындау.
3. мәтінді оқып шығыңыз .
Астың дұрыс қорытылуы үшін тістердің сау болуы қажет. Ауру тістер - микробтардың жыналатын орны . тісті әр түрлі аурулардан аман сақтау әркімнің өзіне байланысты. Құрамында витамині және минералді тұздары мол тағамдармен тамақтану тістін беріктігін арттырады. Ауыз қуысын әрдайым таза ұстау керек. Ол барлық адамдар үшін маңызды. Егер тістердің арасында тамақ қалдықтары тұрып , уақытында тазаланбасы шіри бастайды. Сондықтан тамақ ішкеннен кейін ауызда міндетті түрде шайып , тамақ қалдықтарын тазартып отырған дұрыс. Тісті күнделікті дұрыс тазалап тұрмаса , ас қалдықтары тіс тастарына қосылып , ауыз микробтардың ұясына айналады. Зерттеулерге қарағанда 1мг тасында 800миллиондай микроорганизм болады екен.
Тістердің ауызда маржандай тізіліп тұрғанын халық ежелден- ақ денсаулықтын кепілі деп білген. Сұлулық пен денсаулық ұғымы түзу , аппақ тістермен тығыз байланысты. Сау тістін адам денсаулығында атқаратын қызметі орасан зор. Бірақ,көп жағдайда біз сау тістін қадірін біле білмейміз. Тісімізді күтіп ұстамағандықтан, ол зақымданып, солқылдап ауыра бастағанда дәрігерге жүгіреміз. Дер кезінде емдемегендіктен ,кейде тісті жұлғызуға тура келеді
Тістердің толық болмауынан тіс - жақ жүйесінің шайнау қыз
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>