Тіс ауруларынан сақтану

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

реттен кем болмауға тиіс. Тістің бетін толық тазарту үшін алдымен көлденең, сонан соң тігінен ысқылап тазартады. Мұның барлығына 2-3 минуттай уақыт жұмсалады. Тісті тазалап болған соң, ауызды сумен жақсылап шаю керек. Сондай-ақ, тіспен қатты нәрсені шақпау,түйреуіш, ине сияқты заттармен тазаламау керек. Тіс тазартуға қылы жұмсақ щетканы пайдаланған дұрыс. Пайдаланып болған соң щетканы жуып, жақсы кебу үшін басын жоғары қаратып қояды. Әр адамның өзінің жеке щеткасы болу керек және оны төрт ай сайын жаңалап отырған жөн. Тісті және ауыз қуысын дұрыс күту, тіс ауруларын дер кезінде емдету, дәрігердің кеңестерін және алдын алу шараларын орындау-тістің жақсы сақталуын қамтамасыз етеді. Тістің сынған, қабынып ауырған жерін тек маман дәрігер ғана емдей алады.
4. сол бағандағы етістіктер мен оң жақтағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін жасаңыз.
Сау болуы(ненің?)массаж
Аман сақтау(неден?)тістің
Солқылдап ауыруы(ненің?)адамның
Дұрыс қойылмауы(ненің?)инемен
Тазарту(нелерден?)жақсылап
Тазаламау(немен?)аурулардан
Нығайту(не?)ас қалдықтарынан
Шаю керек(қалай?)протездің
6. мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап ала алады?
Сұрақтарыңызды жазыңыз.
7. жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.
8. мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп толықтыратын үзінділерді табыңыз.
Ауру тістер-микробтардың жиналатын орны.
Тістердің толық болмауынан тіс-жақ жүйесінің шайнау қызметі нашарлайды.
Тісті пастасымен тазалау күніне екі реттен кем болмауға тиіс.
Тістердің ауызда маржандай тізіліп тұрғанын халық ежелден-ақ денсаулықтын кепілі деп білген.
Кейде тіс тазалағанда қызыл иекте қан пайда болғанын

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: