Тіс ауруларынан сақтану

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

меті нашарлайды. Соның әсерінен адам құрғақ және қатты тамақты жегенде қиналады. Сонымен қатар жеген тамақ дұрыс шайналмағандықтан, оның қорытылуы да қиындай түседі. Бұл құбылыс ұзаққа созылса, адамды түрлі асқазан дерттеріне шалдықтырады. Тісті әр түрлі аурулардан аман сақтау адамның өзіне байланысты. Ас қорыту ең әуелі ауыздан басталады. Сол себептен халқымыз "ішімдегінің бәрі-тілімде,тілімдегінің бәрі -түрімде" дейді.
Кейде тіс тазалағанда қызыл иекте қан пайда болғанын байқаймыз. Әдетте тіс сирекқанайтын болса, ол туралы ұмытып кетеміз. Бірақ қызыл иек қышыса, тіс босаса бұл жайлы еске аламыз. Қызыл иекте қалта пайда болғанда, тіс мойыны жалаңаштанғанда тіс жиі қанайтын болады. Бұл тістін босауына,тіпті түсуіне әкеледі. Бұдан басқа датіс қанауының көптеген себептері бар. Соның бірі - ауыз қуысының таза болмауы мен тіс тасының түзілуі.
Қызыл иек қанамау үшін, біріншіден тіс тасын алғызу керек,екіншіден тісті күніне екі рет тіс пастасымен тазалау керек, сосын3-5 минуттай саусақтармен қызыл иекке массаж жасау керек. Массаж-маңайындағы тіндердің қан айналысын жақсартып, қызыл иекті нығайтады. Ауызды қайнаған сумен шаю қажет. Тістің қанауы,қызыл иекте тіс сауыты мен протездің дұрыс қойылмауының нәтижесінде болуы мүмкін. Сондай-ақ тістің қанауы ағзадағы витаминдердің жетіспеуінен де болады. Сондықтан егер сіздің қызыл иегіңіз қанайтын болса, тамақтану тәртібін дұрыстаңыз. Астың құрамында сүт, өсімдік өнімдері, әсіресе, жеміс-жидек көбірек болғаны дұрыс. Микроэлеметтердің ішіндегі аса маңыздысы-фтор, ол тісті тіс жегісінен сақтайды, тіс жегісіне берілмейтін мықты болады. Тіс сауытының басқа бөлігіне қарағанда кіреукенің үстінгі қабатында фтор көп болса, ол тістің құрамында минералды заттардың көптігін көрсетеді.
Тісті пастасымен тазалау күніне екі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: