Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар Л. Пастердің тәжірибесі.
Мақсаты:
Білімділік:тіршіліктің пайда болуы туралы, қазіргі көзқарастары туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды топпен жұмыс арқылы ұйымшылдыққа баулу,тірек-сызбалар жасауға, салыстыру және ой қорытындылауға үйрету ,пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік:әр оқушының өз денсаулығына, оқушылық міндеттеріне сапалы түрде ықыласпен қарау қажеттігін түсінеді.
Түрі: аралас сипатта
Әдісі: түсіндірмелі - көрнекілік, нұсқаушы ойға түсіруші.
Көрнекілігі: тақта, суреттер, таратпалар,слайд.
Жоспар:
I. Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу.
II. Үй тапсырмасы:
Терминдердің анықтамаларын тексеру. Жауаптарын карточкаларын көтеріп, көрсетіңдер.
oo Қоршаған ортаға организмдердің бейімделушілігі кемуі байқалады, түрлер саны азаяды, ареал тарылады. (Биологиялық регресс)
oo Организмдердің жалпы құрылым деңгейін күрделендіріп, жоғары сатыға көтеру. (Ароморфоз)
oo Даралардың құрылым деңгейін төмендетіп, бірқатар мүшелер жойылуы (Дегенерация)
oo Қоршаған ортаға организмдердің бейімделушілігі артады, түрлер саны артады, ареалдың кеңейуі байқалады. (Биологиялық прогресс)
oo Биологиялық құрылым деңгейі күрделендірмей организмдердің өзіне пайдалы белгілі бір орта жағдайына бейімделушілігі (Идиоадаптация)
III. Жаңа тақырып.
Топқа бөлу: 5 жауаптарына сәйкес, 5 топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту: интербелсенді тақтаға назар аударып, бейнероликті көреді. Осы жаңалықтардан не түсіндіңдер? Бүгінгі сабақы тақырыбы қандай?
"Жер бетінде тіршілік қалай пайда болды?" деген сұрақ адамзатты үнемі қызықтырды. Жерде тіршілік қалай пайда бол

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: