Сәуле орта мектебі
"ТІЛ-ТҰҒЫРЫМ"
атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысы
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Бағлан Шұғылақызы
2016 жыл.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілімізді сүюге,мемлекеттік тілді аяққа баспай,мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін,дүниетанымын кеңейту,жұрт алдында еркін ауыз екі сойлеуге баулу.
Барысы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
-деп ақын ағаларымыз жырлағандай бүгінгі "Тіл - тұғырым" атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер.
Өз елімізде тұратын әр адам өз Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу- қасиетті борышы екенін сезіну керек. Осындай мақсатпен мектебімізде 5-11-сыныптар арасында осы сайыс ұйымдастырылып отыр.
1. Әнұран орындалады.
Қазақ тіліміз - ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Ол біздің қазақ халқы үшін зор қуаныш.
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен сәттерімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім. - деп ана тіліне деген сүйіспеншілігін, құрметін, махаббатын өлең жолдары арқылы жеткізе білемін, сезіндіре аламын деген қатысушыларымызды ортаға шақырайық.
- Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі сайыстың әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар (қазылар алқасымен таныстыру).
Олай болса бастаймыз:
5-сынып оқушылары Анас Әділғазы, Абдрахманов Айдос, Бопан Дәурен, Ескендиров
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>