Тіл- тұғырым

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

үйгендік сөз әм менен
Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін
Сол тілменен ойнадым далада еркін
Сол тілменен бірінші сыртқа шығып
Өмірде ен далада ұққан көркім.
Ана тілім ырысты ма, кұнды ма?
Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла.
Туған тілде ас қайырған сайын да,
Оқығандай серпіліп қал бір дұға.
Шұлғытар орыс тілді Олжастарды,
Жарқырат қазақ тілі алмастарын.
Халқына олжа салған айта алады,
Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?!
Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым,
Өміршең өзіміздің тілден таптым.
Тіл екен жемістісі, жұпарлысы,
Аялап халық баққан гүл мен бақтың. С. Торайғыров

Туған тілім
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. Д. Әбілев.


Ана тілім
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Жел өтінде қалып қойған ақ гүлім.
Тұғыр қылып туған елдің төрінде,
Асқақтатам ана тілдің ақ туын.
Елбасы айтқан "ана тілі" құнды ұғым,
Төле, Әйтеке, Қазыбек елдің бірлігін.
Қасиет тұтып қастерлеген халықпыз,
Биігіңнен бәсеңдемей тұр бүгін.
Ана тілі ұлттың тілі аяулым
Тілсіз жерде көш соңында жаяумын
Тіл болмаса тірліктің де мәні жоқ
Тілім болса мен тірімін, ояумын.
Туған тілім тал бесіктен тербеткен,
Ұлағатын бойға жинап ер жеткен
Тіл рухын тіл тарқатып тарихтан
Сүрелі сөз озық ойды өрлеткен.
Баршамызда арман асқақ, тілек бір
Жүрегі нұр, жайсаң елміз тілі өткір
Қалқып алған қара сөздің қаймағын
Тіл татулық тұғырымды тіреп тұр.
Тіл тамыры терең тартқа

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: